Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымның атауы: Орал қаласының білім беру бөлімі мектепке дейінгі, қосымша білім беру мен тәрбие жұмысы секторының бас маманы
Жалпы конкурс. «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Құжаттарды қабылдауды бастау уақыты: 2020-10-07
Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты: 2020-10-15
Әңгімелесуді өткізу уақыты: 2020-10-19
Лауазым санаты: E-R-4
Лауазымдық жалақының жоғары шегі: 141718 теңге
Спецификаторға сәйкес мамандығы: Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
Қосымша талаптар:«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
- Мектепішілік және кәмелетке толмағандардың ісі бойынша бөлімде есепте тұрған балалар дерегін жасақтау, бақылауда ұстау, рейдтер мен бақылаулар;
- Діни экстремизмге қарсы күрес жұмысы;
- Ата-анасы дін жолындағы балалардың дерегін жасақтау, бақылауда ұстау;
- Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалалық шаралар жоспарын жасақтау, өткізу;
- Мектеп жасындағы балаларға жолда жүру ережесін үйрету және бағдарламалардың орындалуын бақылау;
- Мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру және бұқаралық шаралар;
- Қалалық тәрбиелік шараларды ( әкелер клубы, форум т.б.) өткізу;
- Әлеуметтік жобаларды мектеп тәжірибесіне енгізуді бақылау, талдау, насихаттау;
- Мектептегі клубтардың жұмысын үйлестіру;
- Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының мәжілістерін ұйымдастыру, хатшы;
- Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы;
- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы ;
- ҰБДҚ-ның жүргізілу жұмысы ;
- Қызмет жағдайын орынсыз пайдаланудың алдын - алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау;
- Білім беру мәселелері бойынша білім ұйымдары мен азаматтардың шағымдарын, хаттарын және өтініштерін қарау.
Құжаттарды тапсыру үшін Email немесе мекен жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы, 145, 2 қабат
Әңгімелесу өткізілетін орын: Орал қ., Н. Назарбаев даңғылы, 145 , 2 қабат
Анықтама үшін байланыс номері: 8 (7112) 50-39-28